(есірткі заттарын сатып алу, тасымалдау, сату, сақтау) қылмыстарды жасағаны үшін тергеу барысына қамауға алынған 1972 жылы туған Ковалев Игорь Васильевич қашып кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Анықталғандай, қамауға алынған азамат Астана қаласындағы Теміржол ауруханасының бірінші қабатында орналасқан рентгенкабинеттің терезесінен секіріп кеткен. Онда ол қарауылдардың ілесуімен «Сол қолының иығы мен бұғанасының шығуы» диагнозымен медициналық көмек көрсету үшін жеткізілген болатын.
Қазіргі уақытта Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен Астана қалалық ІІД-нің күштері оны іздеп-табу бойынша шұғыл-тергеу іс-шараларын жүргізуде.