Астанада тергеу изоляторына есірткі өткізбек болған оқушы қыз ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада тергеу изоляторына есірткі өткізбек болған оқушы қыз ұсталды

Астанада тергеу изоляторына есірткі өткізбек болған оқушы қыз ұсталды

АСТАНА. 9 ақпан . Kazakhstan Today. Астанада тергеу изоляторына есірткі өткізбек болған оқушы қыз ұсталды , деп хабарлайды Астана қаласының ІІД баспасөз қызметі.

  • 9 Ақпан 2007
  • 411
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана қаласының орта мектептерінің бірінде оныншы сыныпта оқитын оқушыны ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері 7 ақпан күні ұстаған. Полицейлердің айтуынша, қызды қылмыстық әрекетке тартқан «1981 жылы туған Астана тұрғыны , ол кәмелетке толмаған қыздан тергеу изоляторына сәлемдемені рәсімдеп өткізуді сұраған». «Қазіргі кезде оны қолға түсіру шаралары жүргізілуде», -дейді ІІД қызметкерлері.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері Астана қаласы ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері есірткі саудасына қатысты 16 қылмыстық іс қозғаған. 18 адам заңсыз есірткі айналымына қатысты қылмысы үшін ұсталған. ІІД мәліметінше, осы аралықта астаналық полицейлер заңсыз айналымда жүрген 5,4 кг есірткі тәркілеген, оның ішінде 1,5 кг героин.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті