Астанада тергеу изоляторының қызметкері өз-өзіне қол жұмсады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада тергеу изоляторының қызметкері өз-өзіне қол жұмсады

Астанада тергеу изоляторының қызметкері өз-өзіне қол жұмсады

Астанада тергеу изоляторының қызметкері өз-өзіне қол жұмсады.

  • 14 Желтоқсан 2017
  • 157
Фото - Caravan.kz

Бұл мәліметті ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегілер растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Демалыс күні Астанадағы ЕЦ 166/1 мекемесінің қызметкері суицид жасады. Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Астана қаласы бойынша ІІД-нің Алматы аудандық ІІБ тергеу жүргізіп жатыр", — делінген Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің редакция жолдаған сауалға берген жауабында.

11 желтоқсанда астаналық адвокат Аманжол Мұхамедьяров Facebook желісіндегі парақшасында Бас прокуратура, ІІМ, Ұлттық бюро мен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне үндеу жасаған еді. Ол Астанадағы ЕЦ-166/1 тергеу изоляторында тексеріс жүргізуді сұраған болатын. Аманжол Мұхамедьяров арнайы мекемеде жасалған суицид жайлы сотталушы әрі қорғалушысы Айдын Алпысбаевтан білгенін айтып өтті. 

"Астаналық адвокат Мұхамедьярованың Facebook әлеуметтік желісіндегі хабарламасы жайында айтатын болсақ, онда көрсетілген мәліметтер сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Астана қалалық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тергеу бастады", — деп хабарлады комитеттегілер.