Астанада ТМД мемлекет басшыларының саммиті басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ТМД мемлекет басшыларының саммиті басталды

Астанада ТМД мемлекет басшыларының саммиті басталды

Астанада ТМД мемлекет басшыларының саммиті өтуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Қыркүйек 2004
  • 579
Фото - Caravan.kz

Достастық елбасшылары кездесуіндегі басты тақырып — ТМД ясындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке төнген қатерлерге қарсы тұру саласындағы қазіргі ынтымақтастық ахуалы туралы болмақ. Мемлекет басшылары ТМД экономикалық сотының төрағасы, оның орынбасары, ұйымға қатысушы елдердің әскери ынтымақтастығын үйлестіру жөніндегі штаб бастығы мен Кеңес төрағасы туралы шешімдер қабылдауы тиіс.

Сонымен бірге президенттер қатысушы елдердің көп жақты ықпалдастығын дамыту жөніндегі бұған дейін келісілген құжаттар топтамасына қол қояды. Мемлекет басшылары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға мүше елдерге арнаған мәлімдеме жобасын талқылайды.
Кездесуге ТМД-ға біріккен он елдің лидерлері қатысуда. Астана бас қосуына Молдова және Түрікменстан президенттері келмей қалды.
ТМД мемлекет басшыларының кеңесі осымен Қазақстан Елордасында осы аптада өткен ТМД және БЭК аясындағы жоғары деңгейлі кездесулер сериясын аяқтайды.

Перейти к новостям спорта