Астанада ТМД-ға қатысушы елдер сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ТМД-ға қатысушы елдер сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісі басталды

Астанада ТМД-ға қатысушы елдер сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісі басталды

Астанада ТМД-ға қатысушы елдер сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісі басталды. Министрлердің бас қосуы - бүгін, 15-қыркүйекте Қазақстан Елордасында басталатын Достастық саммиті шеңберіндегі алғашқы шара, - деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Қыркүйек 2004
  • 495
Фото - Caravan.kz

ТМД-ға қатысушы елдер сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісінде Шанхай ынтымақтастық ұйымымен арақатынасты дамыту, ТМД елдері арасындағы әскери ынтымақтастықты үйлестіру штабы туралы және грузин-абхаз шиеленісі аймағында бейбітшілікті сақтау жөніндегі ұжымдық күштердің қолбасшылығы туралы мәселелер тиянақталады. Кеңесте ТМД органдары іс-қызметінің тиімділігін арттыру мәселесіне де назар аударылады.

Бұған қоса ТМД елдерінің шекаралық саясат, білім беру, көші-қон, қылмыс және заңсыз есірткі айналымымен күрес саласындағы өзара ықпалдастығын дамыту жөніндегі бұған дейін келісілген құжаттар топтамасы қаралады.
Бүгін сондай-ақ, Достастық үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтсе, ертең ТМД мелмекет басшыларының саммиті болады.

Перейти к новостям спорта