Кеңес жұмысын Қазақстанның есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев басқарды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеңеске қатысушылар жоғарғы қаржылық бақылау органдары іс-қызметінің ашықтығы мен жариялылығы, түрлі билік тармақтарымен өзара ықпалдастық мәселелерін талқылайды.
Сессия жұмысының қорытындысы бойынша жоғарғы қаржылық бақылау органдары іс-қызметінің ашықтығы мен жариялылығы, түрлі билік тармақтарымен өзара ықпалдастығы туралы Кеңес Декларациясы қабылданады. Сондай-ақ, тараптар ТМД-ға қатысушы елдердің жоғарғы қаржылық бақылау органдары тарапынан тиімділікті қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар мен органдар іс-қызметінде қолданылатын терминдер тізімін бекітеді. Бұған қоса сессия ТМД-ға қатысушы елдердің жоғарғы қаржылық бақылау органдары жетекшілерінің кеңесі туралы ережелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Сессия жұмысына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Қазақстан және Украина елдерінің жоғарғы қаржылық бақылау органдарының өкілдері қатысуда.