Астанада тоғызқұмалақтан тұңғыш Әлем чемпионаты өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада тоғызқұмалақтан тұңғыш Әлем чемпионаты өтеді

Астанада тоғызқұмалақтан тұңғыш Әлем чемпионаты өтеді

2010 жылғы қарашаның 2-7-сі аралығында Астанада тоғызқұмалақтан тұңғыш Әлем чемпионаты өткізіледі. Бұл жарысты Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті, Халықаралық және Қазақстан Тоғызқұмалақ қауымдастықтары мен Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырады.

  • 28 Қазан 2010
  • 591
Фото - Caravan.kz

«Мақсаты — қазақ халқының зияткерлік ойыны тоғызқұмалақты әлемдік деңгейде насихаттау, ең үздік спортшыларды анықтау, ойынның халықаралық танымалдығы мен бұқаралығын арттыру»,-делінген ҚР Тоғызқұмалақ федерациясының ресми сайтында.

Алғашқы әлем чемпионатына Әзірбайжан, Германия, Мысыр, Испания, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Грузия, Моңғолия, Түркия, Түрікменстан, Ресей, Украина, Чехия, Швейцариядан 50-ге жуық спортшы қатысады. Чемпионат ерлер және әйелдер арасында өтеді.
Қазақстан атынан Ғ.Темірбаев пен А.Сейтжанов, Д.Кенина, Ә.Далиева, С.Сапарбекова сынды халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері өнер көрсетеді.
Ұйымдаструшылардың мәліметіне қарағанда, тоғызқұмалақ спорты соңғы жылдары жоғарғы қарқынмен дамып келеді. Тоғызқұмалақ қауымдастығы, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, облыс әкімшіліктерінің қолдауы арқасында бұл ойынмен шұғылданушылардың саны 100 мың адамға жақындады. Ойынға халықаралық деңгейде де қызығушылық өсіп келеді. Қазір тоғызқұмалақпен тек шетелдегі қазақтар ғана емес, Ұлыбритания, Франция, Германия, Испания, Чехия, Ресей, Моңғолия, Қытай мемлекеттерінде жергілікті тұрғындар да айналысады.
Тоғызқұмалақ алты рет 2006 жылы — Лондонда, 2007, 2008, 2009 және 2010 жылдары — Прага мен Пардубицеде (Чехия), 2010 ж. — Каннда (Франция) дүниежүзілік зияткерлік олимпиада мен фестивальдердің бағдарламасына енді. 2007 жылы Македонияда өткен Түркі тілдес жастар құрылтайында 40 елден келген 240 делегатқа ұлттық ойыннан семинар өткізілді.
Шетелдегі тоғызқұмалақ жанашырлары үшін Англияда (2009 ж.), Швейцарияда (2008 ж.), Колумбияда (2008 ж.), Қытайда (2008 ж.), Түркияда (2007, 2008, 2009, 2010 жж.), Өзбекстанда (2009, 2010 жж.), Қырғызстанда (2010 ж.), Ресейде (2007, 2008, 2010 жж.) әдістемелік шаралар және жарыстар ұйымдастырылды.
Жарыстың ашылу салтанаты қарашаның 2-нде «Пекин Палас » қонақ үйінде өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера