Жарияланды: 300

Астанада ТҚКС-та ірі өрт болды, бір адам мерт болып, 10 көлік зақымданды

Астана қаласының Сарыарқа ауданында түнгі сағат екі жарым шамасында қалааралық автобустарға қызмет көрсету бойынша Техникалық қызмет көрсету стансасының 2 қабатты ғимаратында өрт болды.

ҚР ТЖМ-нан хабарлағандай, өрттің жайылуы таңертеңгі сағат 6.11-де тоқтатылып, тағы бес сағаттан астам уақыттан кейін толығымен сөндірілді. ТЖ салдарынан 10 көлік зақымданды, олардың 6-уы халықаралық автобус, 2-уі бағдарлық автобус және 2 жеңіл көлік, 3 автобус қауіпсіз аймаққа көшірілді. Жалын шарпыған аумақ 1200 шаршы метрді құрады. Сағат 16.46-да жапсарлас салынған ғимараттың үйінділері астынан жанып кеткен адамның мәйіті табылды (жеке тұлғасы анықталмаған). Тілсіз жауды ауыздықтауға Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 72 адамы мен 16 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін