Астанада триатлоннан ҚР чемпионаты өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада триатлоннан ҚР чемпионаты өтіп жатыр

Астанада триатлоннан ҚР чемпионаты өтіп жатыр

Астанада триатлоннан Қазақстанның ашық чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

  • 30 Шiлде 2017
  • 272
Фото - Caravan.kz

Әзірге чемпионаттың жүзу бойынша аралық кезеңі аяқталды. Командалық есепте «Astana Team» командасының спортшысы Станислав Редько 21 минут көрсеткішімен көш бастады. Одан кейін кәсіби санаттағы үш спортшы — Виктор Земцев (Украина), Иван Тутукин (Россия) және Максим Крят (Қазақстан) мәреге жетті.

«Жарысқа түскен 155 адамның үшеуі ғана PRO санатына жатады, қалғандары — әуесқойлар. Қатысушылардың басым бөлігі үшін бұл жай ғана хобби, осылайша жұмыстан тыс уақытта демалады», — дейді жарыстарды хабарлаушы Александр Олейник.

Чемпионатта спорт әуесқойлары кәсіпқой атлеттермен қатар 1,8 шақырымды жүзіп өтіп, 90 шақырымды велосипедпен бағындырды және 21,5 шақырымды жүгіріп өтті.


 

Соңғы жаңалықтар