Жарияланды: 390

Астанада Тұңғыш Президент күні автопарктерде, жанар-жағармай құю бекеттері мен базарларда атап өтіледі

ҚР Тұңғыш Президенті күнінде Астана қаласындағы жанар-жағармай құю стансыларында,

сауда-ойын сауық орталықтарында, № 1,2,3,4,5,6,7,8,9 автопарктерде, сондай-ақ Шанхай базарында «Біз Президентпен біргеміз!» атты акция өткізіледі. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтына Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармадан мәлім етті. Арнайы киімдер киген жастар «1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні» жазулары бар стикерлерді автокөлік құралдарының әйнектеріне, барлық жолаушылар автобустарына жабыстыратын болады. Онымен бірге, акция барысында қала тұрғындарымен сұрақ-жауап сайыстары ұйымдастырылады, ең белсенді қатысушылар кәдесыйлар алады. Басты сөздер: Астана , Қоғам

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін