Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Турнирдің бас ұйымдастырушысы – «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қоры. Турнирге республиканың барлық аймағынан колледж студенттері, ЖОО студенттері мен магистранттары арасынан 120 фракция өтінім беріп, олардың арасында ең үздік 60 фракция іріктелді. Жас ораторлар феминистік топтардың дәстүрлі және діни құндылықтарға қатысты көзқарастары, қоғамдық қайырымдылық мәдениетінің жаппай етек алуы, бір адамға берілетін меншік құқығының санын шектеу, ата-аналар мен балалар арасындағы қаржылық мәселелердің еркін талқылануы және тағы басқа өзекті мәселелері талқыланды.
Шара барысында «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қорының Басқарушы директоры Мұрат Жұманбай: «Біз жыл сайын оқушылар мен студенттер арасында турнирлерге демеушілік көрсетіп келеміз. Дегенмен, қозғалысты орнықты дамыту үшін турнирлерден бөлек жүйелі ортақ білім базасы болуы маңызды. Осы мақсатта қазір Академия пікірсайысшылар үшін ортақ оқулық Пікірсайысшы әліппесін және төрешілік етудің біріңғай ережелер жинағы, Пікірсайыс кодексін дайындап жатырмыз. Сондай-ақ пікірсайыс аймағын кеңейтуге күш жұмылдырып жатырмыз. Алдағы уақытта біздің пікірсайыс бойынша шараларымыздың саны мен аумағы ұлғаяды» — деп, атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, қазір «Елбасы академиясы» Корпоративтік қоры қазақстандық пікірсайыс қозғалысының дамуын белсенді қолдайды, студенттер мен оқушылар үшін жыл сайын Ұлттық гранд турнирден өзге пікірсайыс клубтары өткізетін халықаралық турнирлердің бас демеушісі.
Студенттер арасында қатарынан екінші жыл өткен дәстүрлі «Тұңғыш cup» Ұлттық гранд-турнирінің жүлде қоры – 3,7 млн. тг.
Жеңімпаздар:
— қазақ лигасы — NU Taraz (Бейсенбай Алинур, Нұрланұлы Мади);
— орыс лигасы) — Еламан (Саяқов Самат, Темирзакулы Бакберген).