ТЖМ мәліметінше, кеше сағат 19.38-да Сарыарқа ауданындағы «Тамыз» тұрғын үй кешенінде 17 жастағы қыз 12-ші қабаттағы сыртқы сатыдан абайсызда құлап қаза тапты.
Сондай-ақ, Астананың Алматы ауданындағы «Москва» тұрғын үй кешенінде кеше сағат 21.20-да 35 жастағы әйел абайсыздық салдарынан ашық тұрған тоқтасының шахтасына 15-ші қабаттан құлап қаза тапты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті