Астанада тұрғын үйден шыққан өрт екі адамның өмірін жалмады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада тұрғын үйден шыққан өрт екі адамның өмірін жалмады

Астанада тұрғын үйден шыққан өрт екі адамның өмірін жалмады

Астанада жеке тұрғын үйден шыққан өрт бірнеше адамның өмірін жалмады. Екі отбасы бірігіп жалға алып тұрып жатқан шағын лашықтан түн жарымында от тұтанған. Салдарынан 36 жастағы әйел мен оның 12 жасар баласы ажал құшты. Денелерін күйік шалған үш бала жансақтау бөлімінде хәл үстінде жатыр.

  • 12 Желтоқсан 2012
  • 305
Фото - Caravan.kz

Бұл Көктал ықшамауданындағы өртке оранған үй. Қазір қаңқасы ғана қаңырап тұр. Түн ортасында пештен тұтанған тілсіз жау баспананың  шатырына дейін шарпыған. Лашықты паналап келген ана мен бала қызыл жалын құрсауынан құтыла алмай ажал құшты. Өрт шыққан сәтте жалдамалы баспанада бірігіп тұрып келген басқа бір шаңырақтың үш баласы да күйіп қалған. Олардың өмірі үшін қазір дәрігерлер күресіп жатыр.  

Сәуле Тайжанова, дәрігер-реаниматолог:

— Бізге 5, 9, 17 жастағы үш бала түсті. 5 жасар баланың денесін 20 пайыз, 9 жастағының 25, ал 17 жасар баланың денесін 70 пайыз күйік шалған. Осы баланың жағдайы өте ауыр, қазір жасанды аппаратпен тыныс алып жатыр.

Бұл ауладағы жалға берілген сарайларда тұратындардың барлығы Астанаға жақсы тұрмыс іздеп келгендер. Бірақ бір сәтте қайғыға душар болды. Тілсіз жау пешке көмір салып қыздыра бергенде тұтаныпты.


Аягөз Фазылова, Астана қалалық ТЖД  баспасөз хатшысы:

— Алдын ала болжам бойынша өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамағаннан болған.

Лезде күш алған қызыл жалынды өрт сөндірушілер жабылып жүріп әрең өшірген. Әйтсе де отыз шаршы метр аумақ күлге айналып кетті. Енді ажалы оттан болғандардың туыстары не істерін білмей шарқ ұрып жүр.