Астанада Түрік компанияларымен 50 астам ірі ғимарат салыныпты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Түрік компанияларымен 50 астам ірі ғимарат салыныпты

Астанада Түрік компанияларымен 50 астам ірі ғимарат салыныпты

10 жылдың ішінде Астанада Түркияның іскер компанияларымен 50 астам ірі ғимарат салынды.

  • 27 Маусым 2011
  • 518
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы өткен сенбі күні, Астанаға ресми сапармен келген Анкара мэрі Мэлих Гокчекпен кездесу барысында елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.

Екі ел астаналарының өзара ынтымақтастығын кеңейту мәселелерін талқылаған қала басшылары, экономикалық даму, саяси және әлеуметтік жаңғыру саласындағы мемлекеттер алдында тұрған міндеттерді табысты шешуде Астана мен Анкара арасындағы бауырлас қалалар ретіндегі қатынастары үлкен рөл атқаратындығын атап көрсетті.

Әңгіме кезінде тараптар Астана мен Анкара арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту мәселелеріне ерекше тоқталды.

И. Тасмағамбетовтың айтуынша, бас қаланың ішкі өнімін екі үлкен сектор — құрылыс және шағын бизнес құрайды. Астана әкімі, құрылыс саласындағы жетістіктерде Түркия компанияларының үлкен үлестерінің зор екендігін баса айтты. Оның сөзі бойынша, 10 жылдың ішінде Астанада Түркияның іскер компанияларымен 50 астам ірі ғимарат салынған.

«Көптеген үлкен жобалар іс жүзінде. Электроқуат, жылу және көлік салалары бағытындағы жобаларды іске асыру жолындамыз. Сондықтан алдымызда ортақ істер көп, меніңше түрік компаниялары міндетті түрде осыны іске асыруда өз үлестерін қосады», — дейді Астана әкімі.

Елорданың статистика басқармасының мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда Астана қаласы аумағында экспорт-импорт операцияларымен айналысатын 150-ден астам түрік және 39 бірлескен кәсіпорындар жұмыс істеуде.

Естеріңізге сала кетейік, 115 адамнан құралған Түркия делегациясы Түркия астанасы — Анкараның Астанадағы мәдениет күндеріне және Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына, сондай-ақ Астана күні мерекесіне орай келген болатын.

Соңғы жаңалықтар