Астанада түркі тілдері мәселелеріне арналған Халықаралық конференция өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада түркі тілдері мәселелеріне арналған Халықаралық конференция өтті

Астанада түркі тілдері мәселелеріне арналған Халықаралық конференция өтті

Бүгін Астанада түркі тілдері және жалпы тілтану саласының өзекті мәселелеріне арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

  • 22 Желтоқсан 2010
  • 569
Фото - Caravan.kz


Ғылыми мәжілістің ашылуы барысында сөз сөйлеген сенатор Әділ Ахметов түркологияның археология және палеонтология саласындағы тарихи орнын ерекше атап өтіп, оны түркі халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін уақыт сынынан сүріндірмей, бүгінге дейін жеткізген негізгі ғылым саласы ретінде белгіледі. Сенатор атап көрсеткендей, қазіргі кезде түркі тілдес халықтардың саны 40-қа дейін жетеді. «Сондықтан түркология мәселелерін зерттегенде, түркі тілдес халықтар алып жатқан осынау кең аумақты қамтып, осы салада қалыптасқан мәселелерді тереңдей қазу қажет», — деді ол. Сондай-ақ журналистерге берген сұхбатында Ә.Ахметов болашақта латын қарпіне көшудің түйткілді мәселелеріне тоқталып: «егер біз алдағы уақытта латынға көшетін болсақ, онда 10-20 жылдан кейін ғылыммен айналысатын келешек ұрпақ кириллицамен жазылған біздің еңбектерімізді зерттеген кезде біраз қиыншылықтарға тап болуы әбден мүмкін. Сондықтан, меніңше, болашақта қазақтың бүгінгі алфавитін латиницамен қатар қолданған дұрыс. Себебі ол да біздің мәдени мұрамыз болып саналады», — деді.

Перейти к новостям спорта