Астанада түркі тілдес елдердің эстрада фестивалінің гала-концерті өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада түркі тілдес елдердің эстрада фестивалінің гала-концерті өтеді

Астанада түркі тілдес елдердің эстрада фестивалінің гала-концерті өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті 30 қарашада сағат 19.00-де «Астана - түркі халықтарының мәдени елордасы» Жылы аясында Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі тілдес елдердің эстрада фестивалінің гала-концертін өткізеді.

  • 30 Қараша 2012
  • 417
Фото - Caravan.kz

Бұл салтанатты шара «Астана — түркі халықтарының мәдени елордасы» жылын қорытындылайды.

Фестиваль-концертте «Музарт», «Қоңыр» топтары, Мәдина Сәдуақасова, Жұбаныш Жексенұлы, Хулья Полат (Түркия), Джелал Аббасов (Әзербайжан), Равшонжон Юнусов, Хулкар Абдуллаева (Өзбекстан), Умут Албайрак (Солтүстік Кипр Түрік Республикасы), «Қазан Егитлари» (Татарстан), «Аргамак» (Башқұртстан), Элнара Кучук (Қырым, Украина), Конгар Сайлык, Суктер Аржаана (Тыва Республикасы), Алтынай Тюрункина (Алтай Республикасы) және басқа да түркі елдері мен Қазақстан эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай, Түркияның мәдениет және туризм министрінің орынбасары Кемал Фахир Генч, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Түркияның Ескишехир қаласының әкімі Кадир Кочдемир, Түрік мәдениеті халықаралық ұйымының (ТҮРІКСОЙ) төрағасы Дүйсен Қасейінов қатысып, сөз сөйлейді деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта