Астанада түркі жұртына ортақ 400-ден астам кітап көрмеге қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада түркі жұртына ортақ 400-ден астам кітап көрмеге қойылды

Астанада түркі жұртына ортақ 400-ден астам кітап көрмеге қойылды

«Астана-2012 - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының аясында елордада «Түркі рухы төрімде шалқып» тақырыбында кітап көрмесі ашылды.

  • 30 Наурыз 2012
  • 532
Фото - Caravan.kz

Көрмеге 400-ге жуық кітаптар мен журналдар, электрондық ресурстар, мұрағат құжаттары, сондай-ақ Астананың бірқатар ғимараттарының макеттері қойылды.

Көрменің басты мақсаты — түркі әлемінің әдеби жәдігерлерін, рухани мұрасын, Қазақстанның түркітілдес халықтарының рухани-тарихи бірлігін қалыптастыру мен нығайтудағы рөлін, еліміздің елордасы — Астананың мәдениет саласындағы халықаралық серіктестікті құратын ұлттар бірлігінің орталығы ретіндегі рөлін ашып көрсету.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы алдағы уақытта «Астана-2012 — түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының аясында Түркі академиясының шығарған ғылыми-зерттеу жұмыстарының тұсаукесерін, «Түркі халықтарының тілі мен мәдениетінің диалогы: тарихы және қазіргі заман» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция, «Тіл. Этнос. Мәдениет» тақырыбында дөңгелек үстел, Бұқарбай Естекбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай поэзия кешін, дәрістер сынды бірқатар іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.

Перейти к новостям спорта