Астанада үй-күйсіз 43 адам туыстарын тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада үй-күйсіз 43 адам туыстарын тапты

Астанада үй-күйсіз 43 адам туыстарын тапты

Бар болғаны төрт күн ішінде «Кезбе» жедел алдын алу шарасы аясында «Тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдар үшін әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ –не үй-күйі жоқ 205 адам жеткізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы. 

  • 3 Тамыз 2017
  • 196
Фото - Caravan.kz

«Кезбе» жедел алдын алу шарасын Астана қаласының ІІД –мен бірлесіп 27 шілде мен 7 тамыз аралығында өтуде.

Барлық панасыз жүрген адамдар туралы жеке деректерді анықтау үшін базада тексеріледі. Әрқайсысы дактилоскопияланады, тізімге алынады. 

-«Кезбе» жедел алдын алу кезінде жеткізілген жандармен орталық психологтары мен участкелік инспекторлар профилактикалық әңгімелесулер жүргізеді. Ұсталған 205 адамның 43-інің туыстары анықталған және олар тұрғын жерлеріне қайтып оралды, — деп хабарлады Тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдар үшін әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ директоры Динара Шапина.

42 адам бейімдеу орталығының күндізгі бөлімшесіне қабылданды. Онда олар ерікті түрде тұра алады. Орталық мамандары мұндай адамдарға әлеуметтік, медициналық, құқықтық көмек көрсетеді. Сондай-ақ жұмысқа орналастырады.