Астанада ұйқы күре тамырына ота жасаудың инновациялық әдісі енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ұйқы күре тамырына ота жасаудың инновациялық әдісі енгізілді

Астанада ұйқы күре тамырына ота жасаудың инновациялық әдісі енгізілді

№2 қалалық ауруханада ұйқы күре тамырына ота жасаудың инновациялық әдісі енгізілді.

  • 9 Қараша 2013
  • 569
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады. Бұл әдіс тарылған тамырдың саңылауына стент — каркас рөлін атқаратын цилиндр түріндегі жіңішке сым конструкциясын орнатуға негізделген. Ол тор түріндегі арнайы инерттік қорытпалардан жасалады, ұйқы күре тамырының ішінде түзетіліп, жақтарын жазып тұрады. 30-40 минутқа дейін жалғасатын операция кезінде жергілікті анестезия жасалады. Пациенттердің жағдайы отадан кейін қанағаттанарлық болса, үш тәуліктен кейін ауруханадан шығарылады.

 Бұдан басқа, №2 қалалық аурухананың базасында ресейлік әріптестермен (Ростов на Дону қ.) бірлесіп, интервенциялық хирургтің жетекшілігімен отадан кейінгі асқынулардың алдын алу үшін проксималды қорғаушы баллонмен «Ұйқы күре тамырын стенттеу» тақырыбында шеберлік сыныбы өткізілді. Шара аясында 5 ота сәтті жасалды.

Айта кетейік, ұйқы күре тамырының жақтарында түйіндіктердің қалыптасуының салдары ауыр болады. Түйіндіктер — тромб туындаған және күре тамыр саңылауы толықтай бітелген жерлер, бұл өз кезегінде бас-ми инсультына және адамның өліміне соқтырады.