Жарияланды: 350

Астанада үкіметаралық Қазақстан-Қырғызстан бірлескен комиссиясының үшінші отырысы өтеді

12-желтоқсанда Астанада үкіметаралық Қазақстан-Қырғызстан бірлескен комиссиясының үшінші отырысы өтіп, онда екі жақты ынтымақтастықтың экономикалық мәселелері қаралады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нен хабарлады.

Қырғызстан өкілдерін осы елдің сыртқы сауда және өнеркәсіп министрі Садриддин Жиенбеков, ал еліміз өкілдерін ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник басқарады. ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, тараптар сауда және инвестиция саласындағы болашақ ынтымақтастық мүмкіндіктері, аймақтағы су-энергетикалық ресурстарды бірлесіп пайдалану мәселелерін сарапқа салуды межелеп отыр. Келіссөздер барысында сондай-ақ, мұнай және газ тасымалы барысында кеден және көлік саласындағы өзара ықпалдастық туралы да талқыланады деп күтілуде. Тараптар сондай-ақ, Қырғызстан президенті Асқар Ақаевтың желтоқсан айының 25-26-жұлдызына белгіленген елімізге ресми сапарына қатысты мәселелерді де егжей-тегжейлі талқылайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін