Астанада украин халқы шығармашылығының республикалық фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада украин халқы шығармашылығының республикалық фестивалі өтеді

Астанада украин халқы шығармашылығының республикалық фестивалі өтеді

27 қазанда Жастар сарайында Қазақстан халқы ассамблеясының ХХ мерейтойлық сессиясын атап өту және Қазақстанның Украинадағы мәдениет күндері аясында VI Республикалық украин халқы шығармашылығының фестивалі өтеді. Бұл туралы фестивальді ұйымдастырушыларға сілтеме жасай отырып, astana.kz сайты хабарлады.

  • 24 Қазан 2013
  • 483
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар, фестиваль шеңберінде «Як не любити менi цю землю!» республикалық қолданбалы өнер көрмесі өтеді. Іс-шараға Қазақстанның 12 өңірінен келген шығармашылық ұжым қатысады. Концертте мемлекеттік және украин тілдеріндегі шығармалар орындалады. Фестивальдің мақсаты бауырлас халықтардың арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және ынтымақтастықты кеңейту болып табылады. Украиндар елімізде ұлттық ауызбіршілікті қалыптастыруға, республикамыздың тәуелсіздігін күшейтуге, қазақстандықтардың әл-ауқаты мен гүлденуіне қосқан үлестерін көрсетпек ниетте.

Айта кетейік, аталған іс-шара Қазақстан халқы ассамблеясының негізгі жұмысының қағидаттарын және жетістіктерін насихаттауға, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлтаралық келісім және толеранттылық мәселелері жөніндегі бағдарламасын қолдауға бағытталған.


Перейти к новостям спорта