Астанада украин халықтық шығармашылығының I халықаралық фестивалі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада украин халықтық шығармашылығының I халықаралық фестивалі өтті

Астанада украин халықтық шығармашылығының I халықаралық фестивалі өтті

Кеше, жексенбіде елордадағы «Жастар» сарайында «Украина менің жүрегімде» атты украин халықтық шығармашылығының I халықаралық фестивалі өтті.

  • 19 Қыркүйек 2011
  • 587
Фото - Caravan.kz

«Бұл Қазақстанда өткізілген украина мәдениетінің алғашқы халықаралық фестивалі. Мұнда ең үздік өнерпаздар жиналды және ҚР Президентінің және ҚР Үкіметінің қолдауымен олар өз ұлтының төл мәдениетін көрсетуге мүмкіндік алды», — дейді Украинаның Қазақстандағы Елшілігінің саяси кеңесшісі Петр Токарев.

Оның сөзіне қарағанда, Астанадағы фестивальге Қазақстанның барлық өңірлерінен және Украина мен Ресей елдерінен 400-ден астам қатысушы бас қосты. Соның ішінде шараға Украинаның Халық әртістері Владимир Болдырев пен Олег Дзюба, украиналық «Некси» тобы, халықтық «Альтаир» би ансамблі (Ақтау), «Мираж» би ұжымы (Ақмола облысы), «Оксана» халықтық ансамблі (Ақтөбе), «Хуторянка» вокалды ансамблі (Атырау) өз өнерлерін паш етті. Жалпы фестивальде 80-нен астам номер қойылды.

Перейти к новостям спорта