Астанада үлескерлер мен құрылысшылар әкімдік алдында наразылыққа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада үлескерлер мен құрылысшылар әкімдік алдында наразылыққа шықты

Астанада үлескерлер мен құрылысшылар әкімдік алдында наразылыққа шықты

Астанада бірнеше құрылыс компаниясының қызметкерлері мен бір топ үлескер тура әкімдік алдында наразылық шарасына шықты. Қарсылық акциясын ұйымдастырушылар қолдарына плакат ұстап, жаяу жүргіншілерге арналған жолды жауып тастады. Бірақ, наразылық ұзаққа созылмады. Полицейлер оларды бірден  ұстап, қызметтік автобусқа салып әкетті.

  • 12 Тамыз 2015
  • 339
Фото - Caravan.kz

Үлескерлер мен құрылыс компанияларының мүшелері  бірігіп  Әділбек Жақсыбековке хат жазған көрінеді. Сол шағымдарын әкімнің  жеке өзіне табыстамақ болған. Бірақ, дегендеріне жете алмады. Құрылысшылардың айтуынша, елордалық  шенеуніктер оларды тұрғын үй нарығынан қасақана  қуып шықпақ.  Әсіресе, наразы топтың  Жақсыбековтың орынбасары Сергей Хорошунға өкпелері қара қазандай.  Астана қаласының әкімдігі «Әл Баракат» компаниясын «алаяқ» деп жариялап тұрғындардың алданып қалмауын сұраған болатын. Шенеуніктер тіпті «Әл Баракаттың» үй салуға лицензиясы жоқ, жұрттан заңсыз ақша жинап жүр деп те айыптады. Мұның бәрі жала деген «Әл Баракат» басшылары Елорда әкімінің  орынбасарын  сотқа бермек.

Бақытжан Тойымбетов, «Әл-Баракат» құрылыс компаниясының бас директоры:

— Бүгін қала әкімі Әділбек Жақсыбековке келдік. Өйткені, біздің жазған хатымыз шаһар басшысына жетпейді. Ал, оның орынбасары Хорошун  құрылыс жүргізуге мұрша бермей отыр. Жер сатып алдық, оны тартып алуда.  Шаршы метрі 570 доллардан  баспана саламыз деп ниеттеніп едік,  жан-жақтан қысып барады. 

Соңғы жаңалықтар