Кәсіпкер 4 мыңнан астам үлескердің баспанаға деп жинап берген 27 миллиард теңгесін қалтасына басып, із суытқан. Қашқынның кезінде Мәжілісте депутат болғанын да айта кетейік. Жұрттың сеніп тапсырған миллардтарын жымқырған экс-мәжілісменді қазір интерпол да іздеіп жатыр. Бұдан бөлек, күні кеше тұтқындалған «Шейх Каз Инвест» құрылыс компаниясының директоры Ольга Шнайдердің сыбайласы Чекмустафа Саидов та қамауға алынған. Бұл екеуі де үлескерлердің ақшасын жегені үшін шатылуда. Тұрғын үй нарығында атына қара дақ түскен тек бұлар емес. Екі апта бұрын «Әл-Баракат» компаниясының басшысы Бақытжан Тойымбетов те тұтқындалған болатын. Ол да үлескерлердің ақшасын ұрлады деген күдікке ілінген.
Loading...