Астанада ұлттық аза тұтуға байланысты жетім және дарынды балаларға арналған Жаңажылдық шырша мерекелері болмайды
27 желтоқсан Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жариялануына байланысты |
Астана қаласында балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілеріне және дарынды балаларға арнап, әкімдік атынан ұйымдастырылуы тиіс дәстүрлі Жаңажылдық шырша мерекелері болмайды.
Қала әкімдігінен анықтағандай, сағат 11.00-де және 15.00-де Оқушылар сарайында өтуі тиіс болған мерекелер ертеңге ауыстырылды.
Бұған дейін хабарланғандай, үстіміздегі жылдың 25 желтоқсанында сағат 18. 55-те Шымкент қаласының маңында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырады.
Ұшақ бортында болған барлық 27 адам, соның ішінде 7 экипаж мүшесі қаза тапты. Қаза тапқандардың ішінде Шекара қызметінің директоры полковник Стамбеков Т.М. және Қызмет орталық аппаратының бір топ офицерлері, сондай-ақ ү.ж. 25 желтоқсанда Астана қаласында Шекара қызметі Әскери кеңесінің жиналысына қатысқан «Оңтүстік» өңірлік басқармасының әскери қызметшілері бар.
Шекара қызметінің басшылығы Шымкент қаласына «Оңтүстік» өңірлік басқармасында өткен жылдың қорытындысын шығару бойынша Әскери кеңес өткізу үшін ұшып шыққан.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін