Астанада Ұлттық кеңестің мәжілісі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-11 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Ұлттық кеңестің мәжілісі басталды

Астанада Ұлттық кеңестің мәжілісі басталды

Бүгін, 31-мамырда Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Ұлттық кеңестің мәжілісі басталды. Кеңесте тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасының жобасы талқылануда,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Мамыр 2004
  • 436
Фото - Caravan.kz

Мәжіліс жұмысын ашқан Елбасының мәлімдеуінше, «кеңеске қатысушылар тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасының жобасын жан-жақты талқылап, оған қатысты шешім қабылдап, халыққа бағдарламаның мән-жайын дәйекті түсіндіре бастауы тиіс».

Елбасының пайымдауынша, «тұрғын үй құрылысын пәрмендендіруге қажетті нақты мүмкіндіктер» елімізде толық, ол үшін жағдай жасалған. Қолайлы макроэкономикалық көрсеткіштер қалыптасып, халықтың кірісі өсе бастауымен бірге негізгі институционалдық алғышарттар да жасалды. Атап айтсақ, Қазақстан ипотекалық компаниясы, Тұрғын үй құрылысына арналған жинақ ақша банкі мен Ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры құрылды, деді Елбасы.
Алайда, «тұрғын үй құрылысын салу қарқыны артқанымен, оған әзірге көңіл толмайды»,- деді Н.Назарбаев. «Тұрғын үй қорын инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету деңгейі өте төмен, әсіресе бұл ауылдық жерлерге қатысты». «Сол себепті, халықтың басым бөлігін сапалы әрі арзан тұрғын үймен қамтамасыз ету -тұрғын үй саясатының басты мақсаты болуы тиіс»,- деді президент. «Бұл біздің экономикалық ілгерілеушілікке, халқымыздың жырғаулы тұрмыс кешуіне қолайлы жағдай жасауға деген талпынысымыздың нақты бір көрсеткішіне айналуы тиіс».
Сондай-ақ, «тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы экономиканың басқа саласына да қолайлы әсер етіп, экономикалық өсімге мультипликативтік ықпал жасайды» дегенге мемлекет басшысы сенімді.