Астанада ұлы хандар Керей мен Жәнібектің есімін иеленген егіздер қоймада тұрып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ұлы хандар  Керей мен Жәнібектің есімін иеленген егіздер қоймада тұрып жатыр

Астанада ұлы хандар Керей мен Жәнібектің есімін иеленген егіздер қоймада тұрып жатыр

Астанада көпбалалы отбасы азық-түлік сақтайтын қоймада тұрып жатыр. Алты ұл-қызы бар, жас ана жақында егіз босанып енді тар жерде күнелтуге мәжбүр. Айтпақшы, келіншек егіз ұлдарына Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Керей мен Жәнібектің есімін беріпті. Бір сәтте қарасы көбейген Мұсалар шаңырағына қыстың көзі қырауда , әрі сыз тартқан пәтерде жан бағуқиын боп тұр. Сондықтан Үкіметтен жайлы үй сұрайды. Жалдамалы баспанада тұрса да демографияға үлес қосқан, бірақ күйі жоқ батыр ананың тіршілігімен тілшіміз танысып қайтқан еді.  

  • 4 Қараша 2015
  • 399
Фото - Caravan.kz

Гүлін құшақтап перзентхана есігін күзетіп жүрген Қуан іштей мазасызданып жүр. Қолдарына шарларын ұстаған отбасының 4 баласы да  егіз бауырларын көруге асық. Ата-әже, туған-туыс та осында. Ал ұлы қос ханның есімін иеленген Керей мен Жәнібек балбырап ұйықтап жатыр. Бұл атты ерлі зайыптылар әлдеқашан ойластырып, Қазақ хандығының 550 жылдығының құрметіне ырымдап қойыпты.

Мұсалар шаңырағы қос қуанышты елеусіз қалдырмауға тырысқаны көрініп тұр. Бірақ, егіздердің есімі Керей мен Жәнібек болғанмен, жақын арада бұл кішкентайлар ханның ордасындағыдай өмір кешпейтін секілді. Азық-түлік сақтайтын қойманың үстінен салынған 1 бөлмелі пәтер енді 8 адамға тарлық етіп отыр. Сыз тартып, қабырғалары да көгеріп кеткен. Сондықтан жас ана егіздерінің денсаулығына алаңдаулы.

-Осы бөлме сыз тартып тұр.  Төсегіміз суланып кетеді. Бүкіл қабырғамыз көгеріп кетті.  Мына жерге дейін су ағады. Сүртіп отыру керек

29 жасында көпбалалы ана атанған Динаның жарық дүние есігін ашқан егізден бөлек 3 ұл бір қызы бар. Үлкені 9-да. Балаларын үйде бағып отырған келіншек жұмыс істемейді. 31 жастағы электрик боп істейтін отағасының айлығы ас-судан артылар емес.

Дина Хайса, Астана қаласының тұрғыны:

-Жолдасым 90. 000 теңге алады. Үкіметтен 8000 теңге алады. 98. 000 теңге. 60. 000 теңгені  пәтерге төлейміз. Үлкені мектепке барады. Жолына төлейміз. Азық –түлік памперс аламыз. Енді жетпейді.

Жас отбасы былтыр әкімдікке үй кезегіне тұрған. 13.500-ші боп тіркелгендіктен кең баспананың қашан бұйырары белгісіз. Әрі шенеуніктер көпбалалы шаңырақ заң бойынша, кезегі келгенде ғана пәтер алады деп отыр. Бірақ оған дейін Керей мен Жәнібек 10 жасқа келеді екен. Сондықтан хан бабаларының атын алған сәбилер әзірше қойма-пәтерде тұра берулеріне тура келеді.

Соңғы жаңалықтар