Астанада ұлының той кортежі үшін қызметтен кеткен полковникке қатысты жаңа дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ұлының той кортежі үшін қызметтен кеткен полковникке қатысты жаңа дерек шықты

Астанада ұлының той кортежі үшін қызметтен кеткен полковникке қатысты жаңа дерек шықты

Астанада ұлының той кортежі үшін қызметінен кеткен лауазымды полицей зейнетақы мен бар жеңілдіктен қағылуы мүмкін. Ішкі істер министрлігінде полковник Бақытжан Балташевтың мәселесі талқыланып жатыр. 

  • 1 Қазан 2015
  • 317
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, бүгін ғаламторға Астанадағы сол атышулы той кортежіне  қатысты жаңа таспалар шықты. 46 жастағы палковниктің баласының үйлену тойына жиналған өңшең қымбат көліктер Елордадағы ең үлкен даңғылда шоу жасаған болатын. Хан сарайындай зәулім үйден шыққан кортеж жеті бірдей жол ережесін бұзған. Бұл оқиға қоғамда қызу пікір турдырған соң еркетотай күйеу жігіттің әкесі Бақытжан Балташев лауазымды қызыметінен кетті. Және 9 жүргізушіге жарты миллион айыппұл салынып, төртеуі жүргізуші куәлігінен айырылған. Бүгін Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы экс-орынбасарына қатысты мәлімдеме жасады. Балташевтар тойына шақырса да бара алмадым дейді Игорь Лепеха.

Игорь Лепеха, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

-Балташев тойдан бір күн бұрын баласына «жол ережесін бұзбай,байқап жүріңдер» деп ескерткен екен. Бірақ, қонақтар оған қарамаған. Енді ол жастармен бірге өзім немесе үлкендердің бірін қосып жіберуім керек еді деп өкініп отыр. 

Соңғы жаңалықтар