Астанада Үндістан мәдениеті күндерінің аясында «Dementia» (Дементия) рок тобының қатысуымен үлкен концерт өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Үндістан мәдениеті күндерінің аясында «Dementia» (Дементия) рок тобының қатысуымен үлкен концерт өтеді

Астанада Үндістан мәдениеті күндерінің аясында «Dementia» (Дементия) рок тобының қатысуымен үлкен концерт өтеді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің бірлесумен 23 қазан күні сағат 19.00-де Астана қаласындағы Конгресс-Холл сарайында Үндістан мәдениеті күндерінің аясында «Dementia» (Дементия) рок тобының қатысуымен үлкен концерт өтеді, деп хабарлады Министрліктің баспасөз қызметі.

  • 17 Қазан 2012
  • 464
Фото - Caravan.kz

«Dementia» тобы Үндістандағы танымал рок ұжымдардың бірі. Топ джаз, фанк, блюз жанрларының әуендерінен тұратын ерекше музыка стилін ұстанады. «Дементия» тобы Үнді фольклорының әуендеріне заманауи музыканы қосып, үнді тыңдармандарын аз уақыт арасында өзіне қаратты. Жыл сайын топ жаңа концерттік бағдарламаларымен өзге де елдердің үлкен сахналарында көзге көрініп жүр. «Дементия» тобы өзінің қайталанбас стилімен ерекшеленеді.

Перейти к новостям спорта