Астанада үш адам иіс тию салдарынан ауруханаға жеткізілді
Астана қаласының Промышленный кентіндегі қатты отынмен жанатын пештің ақаулығы салдарынан жексенбі күні таңертең 26 жастағы әйел мен 35 жастағы ер адам иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нен. Сол күні, бұдан үш сағат бұрын астаналық ауруханаға жекеменшік тұрғын үйде иіс тиіп уланған 36 жастағы әйел жеткізілді. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін