Астанада үш айдан бері жалақы көрмеген жұмысшылар шу көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада үш айдан бері жалақы көрмеген жұмысшылар шу көтерді

Астанада үш айдан бері жалақы көрмеген жұмысшылар шу көтерді

Елордалық жұмысшылар еңбекақысын талап етті. Жүк көліктерінің жүргізушілері бүгін Астана-Павлодар тас жолын бірнеше сағатқа бөгеп тастады. Олар осы жолды салуға тендер ұтып алған фирмаға өз техникаларымен жалданған екен. Алайда мердігер компания бұларға үш айдан бері бір тиын төлемепті. Онысы тұрмақ, ақша сұрап мезі қылған жұмысшылармен жаға жыртысуға дейін барған.  Мойнында  90 миллион теңге қарызы бар фирма басшысы ақыры  қашып кетіпті.

  • 8 Тамыз 2015
  • 458
Фото - Caravan.kz

Таңертең  әдеттегіше  жұмысқа келген  мына жүргізушілер аң-таң. Кеңсе есігі жабық. Бастықтың телефоны сөдірулі. Үш айдан бері жалақы көрмеген олар мәселенің бәрі ақшада екенін  бірден сездік дейді.   

Ниязбек Есімов, көлік жүргізушісі:

— 18 маусымнан бастап біз «Берік құрылыс» деп аталатын фирмаға  жұмысқа  жалдандық. Қарағандылық фирманың басшысы Ким Леонид Викторович деген кісі.  Таңертеңнен бері күттік,  келмеді. Үйіне де бардық,  есігі құлыпталып тұр. «Киім-кешегін жинап кетіп қалды» дейді көршілері.  

Бастықтың бұлайша ғайып болуында  гәп бар.  «Берік құрылыс»  деген фирмасы бар Ким мырза «Астана –Павлодар»  тас жолының 5 шақырымын жөндеуге тендер ұтып алған екен. Мына жүк көліктері мен жүргізушілерді құрылысқа  жалдапты.  Алғашқылардың бірі болып онымен келісім -шарт жасасқан Сағадат Сүгірованың фирмасы екен.   

Сағадат  Сүгірова,  «Қазжоларнайытехника»  ЖШС директоры:

— Біз 19 миллион теңгенің жұмысын атқардық. Ал  осы үш ай бойы ол бізге тек 2 миллион теңге ғана төледі. Әлі 17 миллион теңге қарыз. Мен бұл фирма туралы ақпарат жинап едім.  Ким мырзаның жұртқа қарызы 90 миллион теңге екен. 

Осы ақшасын сұрап мезі қылған жұмысшылармен бастық мырза кезінде тіпті  жаға жыртысуға дейін барған екен.


Саят Шайтас, көлік жүргізушісі: 

— Төбелеске дейін бардық шынында. Пышақпен генеральный директор пышақпен маған шықты. Оған да шыдадым. Тарелка да лақтырды, оған да шыдадым. Енді халық тұр ғой, міне. Өлтіріп тастасын ол кезде. 

Бұлай  тұра бергеннен түк шықпасын түсінген жұмысшылар көліктеріне мініп алып,  өздері салып жатқан Астана-Павлодар  тас жолын жабуға  шықты.  Көлденең қойылған жүк көліктерінің кесірінен   әп-сәтте-ақ   жолда кептеліс пайда болды. Ашынған наразы топпен ымыраға келмесін түсінген  жеңіл автокөліктердің жүргізушілері алғашында  айналма жол тапқанымен, алып «Камаздар»  оны да жауып тастады.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары ғана  ашынған топқа   әмірін жүргізе алды. Осыдан кейін ғана жолды босатқан жүргізушілер тура сол жерден  прокуратураға арыз жазуға кетті.  

Соңғы жаңалықтар