Биыл «Kazatomexpo» көрмесі орталық алаңда орналасты. Оның тақырыбы — «Атом энергетикасы және өнеркәсіп». Оған Қазақстан, Беларусь, Германия, Ресей, Финляндия және Оңтүстік Кореяның атом компаниялары қатысуда.
«Power Astana» көрмесінде қазіргі энергетика саласының дамуын көрсететін жаңа құрал-жабдықтар мен технологиялар шығарылып отыр.
Ал «MachExpo Kazakhstan» көрмесінде Қазақстан, Украина мен Швейцарияның машина жасау әлеуетімен танысуға болады.