Астанада үш мың мүгедек жан баспана кезегінде тұр
Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада үш мың мүгедек жан баспана кезегінде тұр. Бұл туралы "Мүгедек жастар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Әбдімомынов бүгін өткен дөңгелек үстел барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Мүгедектердің баспана проблемасын осы санаттағы адамдарға тегін жер телімдерін бөлу арқылы шешу жөніндегі балама жолды ұсына аламыз. Қалада мүгедектер үшін ең ары кеткенде 50-100 пәтер салынады. Ал кезекте тұрған мүгедектер саны үш мыңға жуық. Осындай кезекпен олар 250 жылда баспана алатыны айқын", -деді Мұрат Әбдімомынов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін