Астанада үш қыз ұрланды, бопсалаушылар олар үшін 65 мың теңге талап еткен - ІІД - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада үш қыз ұрланды, бопсалаушылар олар үшін 65 мың теңге талап еткен - ІІД

Астанада үш қыз ұрланды, бопсалаушылар олар үшін 65 мың теңге талап еткен - ІІД

Астана. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Астанада үш қыз ұрланып, бопсалаушылар олар үшін 65 мың теңге талап еткен. Бұл туралы Астана қалалық ІІД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Жанат Битенов апта сайынғы брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Тамыз 2008
  • 404
Фото - Caravan.kz

«7 тамыз күні түнгі сағат 3-те Астана қалалық ІІД-іне шағымдана келген әйел белгісіз біреулер оның 18 жасар қызын ұрлап әкетіп, оны қайтару үшін ақы талап еткенін жеткізді», — деді Ж. Битенов.

Бұдан кейін оперативтік қызметкерлер жәбірленушінің телефонына келіп түскен қоңырауды тексере бастады. «Күдіктілердің Қарағандыда екені анықталды. Олар әлгі қызбен бірге оның екі құрбысын да ала кеткен. Қыздардың тірі екені және олардың күдіктілермен бірге екені күдік тудырған жоқ, өйткені, ұрлағандар қызды анасымен келіссөздер жүргізуге мәжбүрлеген. Үш қыз үшін бопсалаушылар 65 мың теңге талап етті», — деді Ж.Битенов.

Тәртіп сақшылары Қарағандылық әріптестерімен бірлесіп, олардың мекенжайын анықтап, күдіктілерді құрықтады.

«Қарағандыда тұратын ұсталғандар ағымдағы жылдың шілде айында демалу үшін Астанаға келгенін жеткізген. Олар болашақ құрбандарымен осы жерде танысқан. Қыздар алаңғасарлық жасап, бейтаныс адамдармен бірге көлікке отырып, Қарағандыға баруға келіскен», — деді ол.

Қазір ұсталғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардың әрекетінде заңсыз бас бостандығынан айыру және бопсалау белгілері бар», — деді ІІД бастығының орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар