Кеңеске Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан президенті — Асқар Ақаев, Ресей президенті — Владимир Путин, Беларусь президенті -Александр Лукашенко, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов, Армения президенті Роберт Кочарян, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжалар қатысып отыр.
Отырыс барысында Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдер қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұру, халықаралық лаңкестік, экстремизм және есірткінің таралуымен күрес саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. Сонымен бірге, ұйымның лаңкестік, есірткі саудасы және трансшекаралық қылмыстармен күрестегі ролін нығайтуға бағытталған тәжірибелік шаралардың жүзеге асырылу барысы сарапқа салынады.
Кездесуде Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының болашақ дамуы мен оның таяу және алыс перспективадағы басымдық берілетін іс-қызмет бағдары пысықталады.