Астанада велоспорттан Азия чемпионатының алғашқы күнінде екі құрлық рекорды орнатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада велоспорттан Азия чемпионатының алғашқы күнінде екі құрлық рекорды орнатылды

Астанада велоспорттан Азия чемпионатының алғашқы күнінде екі құрлық рекорды орнатылды

 «Сарыарқа» республикалық велотрегінде велоспорттан Азия чемпионатының салтанатты ашылуы болып өтті. 

  • 23 Мамыр 2014
  • 435
Фото - Caravan.kz

«Велоспорттан Азия чемпионатын өткізу еліміздегі велоспорттың дамуына жаңа серпін береді», — деді ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев.

Жарыстың алғашқы күні жеке ізге түсу жарысы (ересектер мен жасөспірімдер), командалық спринт (барлық жастағы ерлер арасында) тәртібі бойынша квалификациялық айналымдардан басталды. Күннің екінші жартысында гиттан ерлер мен әйелдер (жасөспірімдер) арасындағы ақтық жарыстар өткізілді, деп хабарлайды Қазақстанның Велоспорт федерациясының баспасөз қызметінен. 

Сонымен қатар әйелдер арасында ұпай бойынша топтық жарыс, барлық жастағы ерлер арасында командалық спринт, жасөспірім бойжеткендер мен ересек әйел спортшылар арасындағы спринт және скретч жарыстарының ақтық сайыстары өтті. 

Астанадағы жасөспірім және ересек спортшылар арасындағы велоспорттан Азия чемпионатының алғашқы күнінде екі құрлық рекорды орнатылды.

Рекордтың екеуі де жасөспірімдер арасындағы гит сайысында орнатылды. Алдымен ақтық айналымда континеттің үздігі оңтүстіккореялық Джунг Джихи жеңімпаз атанса, артынша малайзиялық велошабандоз Мохд Зонис Мухаммад Фирдаус жаңа рекорд орнатты. Ол 1 шақырымды 1:03.962 секундта өтті. 

Осының алдындағы кореялық спортшының рекордтық уақыты 1:04.517 секундты құраған болатын.   

«Осы жылы Қазақстандағы велоспорт 100 жылдығын атап өтуде. 1914 жылдың 6 шілдесінде Ақтөбеде қарапайым еңбек пәнінің мұғалімі С. Забиров қатысып, жеңіп шыққан алғашқы веложарыс өтті. Бұл газет, мұражай, мұрағаттарда тарихи жазбалармен расталған. Сондықтан қазақстандық велосипедшілер мен Қазақстан азаматтары Ақтөбедегі алтын медальдан Лондондағы алтын медальға дейінгі жолды үлкен тарих деп есептеулеріне болады. Ал қазақстандықтар мұны мақтан етулеріне болады», — деді Қазақстан Велоспорт федерациясының вице-президенті Қайрат Әйтекенов. 



Ертең, 23 мамырда «Сарыарқа» велотрегінде ерлер арасындағы ұпай бойынша топтық жарыстың ақтық кезеңі, ерлер арасындағы 25 шақырымға жүретін мэдисон өткізіледі. Сонымен қатар қазақстандық жасөспірімдер Роман Василенков пен Екатерина Юрайтис алтынға таласатын, барлық жастағы спортшылардың арасында өтетін жеке ізге түсу жарысының ақтық сайысы өтеді. 

Естеріңізге сала кетейік, велосипед спортынан 34-ші Азия чемпионаты және жасөспірімдер арасындағы велосипед спортынан 21-ші Азия чемпионаты 2014 жылдың 21 мамырынан 01 маусымына дейін өткізіледі. Жарыстарда 30 елден келген 500-ден астам спортшылар қатысуда. Тректегі сайыстар (22-26 мамыр) Астанада өтсе, тас жолдағы жарыстар (27 мамыр- 01 маусым) Қарағандыда өткізіледі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера