Астанада велотректен әлем кубогының кезеңінде Германия құрамасы жеңімпаз атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада велотректен әлем кубогының кезеңінде Германия құрамасы жеңімпаз атанды

Астанада велотректен әлем кубогының кезеңінде Германия құрамасы жеңімпаз атанды

Астанада велотректен әлем кубогының кезеңінде Германия құрамасы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды дүйсенбі күні ҚР велоспорт федерациясының баспасөз қызметі.

  • 7 Қараша 2011
  • 466
Фото - Caravan.kz

«Германия құрамасы ең көп медаль – 8 медаль жеңіп алды, оның 1-еуі – алтын, 2-еуі күміс және 5-еуі – қола медальдар», — делінген федерацияның баспасөз мәлімдемесінде.

5 медаль алған (3-еуі – алтын, 2-еуі күміс) аустралиялықтар екінші орында. Лидерлер үштігін 1 алтыр, 1 күміс және 1 қоламен Франция құрамасы қорытындылады.

«Астанада ресейліктер үш ұлттық рекорд орнатты. МOSKOWTRACKTEAMкомандасы елдің жаңа рекордын орнатты — 43,981 секунд.РУСВЕЛО командасының шабандоздары Алексей Марков, Александр Серов, Иван және Евгений Ковалевтар 4000 метрлік командалық жарыста 3:56,127 секундкөрсеткішпен бірінші орын алды.Осы команданың қыздары Евгения Романюта, Венера Абсалямова, Виктория Кондель шағын финалда германиялық бәсекелестерінен асып түсе алмады, бірақ ұлттық жетістікті елеулі жаңартты — 3:22,086 секунд», — делінген ақпаратта.

«Белоруссиялық спортшы Ольга Панарина спринттің квалификациялық бөлімінде үздік нәтиже көрсетіп, 10.793 секунд әлемдік рекордты қайталады», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Велоспорт федерациясының мәліметтеріне сәйкес, қазақстандық спортшылардың үздік нәтижесі – жарыстың финалына шығу. TrackTeamAstana командасының өкілдері Сұлтанмұрат Миралиев пен Матвей Никитин скретч жарыстың финалына шықты. Ал омниум финалында Наталья Стефанскаяәлемдегі үздіктердің ондығына кірді.

Велоктректен әлем кубогының кезеңі Астанада 4-6 қарашада өтті.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера