Астанада вокзал маңын торыған 100-ге тарта жезөкше ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада вокзал маңын торыған 100-ге тарта жезөкше ұсталды

Астанада вокзал маңын торыған 100-ге тарта жезөкше ұсталды

Астанада «түнгі көбелектер» тағы қуылып жатыр. Бұл қалада, әсіресе, темір жол вокзалының айналасы жеңіл жүрісті қыздардың ордасына айналған. Тәнін саудалаған 100-ге тарта бикешті полицейлер соңғы апта ішінде осы маңдағы үйлерден ұстады.

  • 26 Тамыз 2015
  • 252
Фото - Caravan.kz

Бұл – Елордадағы жын ойнаққа айналған пәтерлердің бірі. Сылқым қыздардың бәрі осы жерде нәпсісін тия алмай жүрген жігіттерге жыныстық қызмет көрсетіпті. Олардың басым көпшілігі-оңтүстік өңірлерден. Ұсынған қызметі үшін клиенттерден сағатына 5 мың теңгеден алып отырған. Бірақ полицейлер «түнгі көбелектерді» құрықтағанымен,  ішкі істер бөлімінде үш сағаттан артық ұстай алмайды. Суретке түсіріп, саусақ іздерін алып, айыппұл салған соң бостандыққа қоя береді. Осыдан кейін олар үйреншікті ісіне қайта кіріседі.

 

Соңғы жаңалықтар