Астанада «Яркокросс» түрлі-түсті марафоны өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Яркокросс» түрлі-түсті марафоны өтеді

Астанада «Яркокросс» түрлі-түсті марафоны өтеді

Астанада ертең сағат 10.00 «Яркокросс» түрлі-түсті марафоны өтеді. Аталмыш іс-шара үш мәрте Алматыда және Қарағандыда сәтті ұйымдастырылған болатын.

  • 22 Қыркүйек 2013
  • 407
Фото - Caravan.kz

Іс-шараның мақсаты — белсенді салауатты өмір салтын насихаттау. Міндеттері — гиподинамиямен және артық салмақпен күресу, құрамында сынап бар шамдарды жинауға арналған мамандандырылған контейнерлерді орнату пилоттық жобасын қолдау, жастар мен ересектер арасында спортты насихаттау, темекінің, алкогольдің және есірткінің баламасын табу.

«Яркокросс» — спорт, марафон және қуаныш сезімін біріктіретін жылдың керемет оқиғасы. Түрлі-түсті марафон Австралия, Бразилия, Германия, Португалия, АҚШ пен Чили елдерінің бірқатар қалаларында болып өтті. Қазақстандағы «Яркокросс» іс-шарасының алғашқы маусымына белгілі мәдениет қайраткерлері, билік өкілдері қатысады.

«Яркокросс» — бұл жақын қашықтыққа еркін жүгіру, іс-шара барысында еріктілер ақ футболка киген барлық қатысушыларға экологиялық таза бояу тастайды.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиналған қаржы Астана қаласында ағаш отырғызуға жұмсалады.