Астанада Ю. Насыбуллин және М. Багинская жұбының ән кеші өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Ю. Насыбуллин және М. Багинская жұбының ән кеші өтті

Астанада Ю. Насыбуллин және М. Багинская жұбының ән кеші өтті

Бүгін Астанада Ресей ғылым және мәдениет орталығында Юрий Насыбуллин мен Марина Багинская авторлық әндердің шығармашылық кешін өткізді.

  • 4 Наурыз 2011
  • 613
Фото - Caravan.kz

Бұл шығармашылық және жанұялық дуэт Қазақстанда да, Ресейде де өте танымал. Олар өздерінің шығармашылықтарын, жұмыстарын және өмірлерін Мәскеу, Санкт-Петербор, Астана және Алматы қалаларымен байланыстырады. Ақын Ю. Насыбуллин жастық шағын Целиноград қаласымен байланыстырса, Ю. Багинская 90-жылдардың орта тұсында Алматы консерваториясында хор сүйемелдеушісі сыныбы бойынша тәлім алған. Қазір шығармашылық жұп Қазақстанда кеш өткізуді дәстүрге айналдырған.

Концерттік сапарларға белсенді шығып тұратын топ шансоннан блюзға дейінгі әртүрлі жанрларда әндер орындайды. Әндердің сөздерін ақын Ю. Насыбуллиннің өзі жазады. Ол алты ішекті гитарада ойнаса, оның жары клавишалық аспаптарды меңгерген. Олардың шығармашылығы Ресейде жоғары бағаланып, 2000 жылы кантри жанрындағы әндердің үздік орындаушылары деп танылды.

Аталмыш дуэттың алғашқы әйгілі әні «Пушкин на балу» деп аталады. Кеңес дәуірінен аттары таныла бастаған авторлық әндер орындаушылары радиода және теледидарда жиі шығады.

Перейти к новостям спорта