Астанада зейнеткер әйел 6,5 миллион теңгесін таксиде қалдырып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада зейнеткер әйел 6,5 миллион теңгесін таксиде қалдырып кеткен

Астанада зейнеткер әйел 6,5 миллион теңгесін таксиде қалдырып кеткен

Ол көліктің артқы орындығына ақшасын қалдырып кеткен.

  • 16 Қазан 2018
  • 14
Фото - Caravan.kz

Астанада жетпіс жастағы әйел таксиде 6,5 миллион теңгесін қалдырып кеткен. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Today.kz.

"Зейнеткердің сөзінше, қаладағы банктердің бірінде тұрған шотынан ақша алған ол көшеге шығып, ақ түсті таксиге отырған. Автокөліктен шыққан әйел бірнеше минуттан кейін таксидің артқы орнында ақша салынған пакетін ұмытып кеткенін есіне түсірген. Уайымдаған әйел полицияға келіп, затын жоғалтқанын айтып арыз жазды", – деді ІІД. 

Бейнебақылау камерасы арқылы полиция зейнеткер отырған таксиді тапты. Көліктің артқы орындығынан ақшасы бар пакет табылды. 


Соңғы жаңалықтар