Астанада жаңа теміржол вокзалы эстакадасының құрылысы жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жаңа теміржол вокзалы эстакадасының құрылысы жүргізілуде

Астанада жаңа теміржол вокзалы эстакадасының құрылысы жүргізілуде

Астана қаласындағы жаңа вокзалда теміржол эстакадасының құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.

  • 19 Қараша 2015
  • 504
Фото - Caravan.kz

«Вокзал кешенінің құрылысын қоса отырып, Астана стансасының теміржол торабын дамыту» жобасы аясында құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр», — деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Ірі жобаларды жүзеге асыру дирекциясы» филиалының директоры Владимир Клинг.

Ол сондай-ақ ұзындығы 2550 метр эстакада 87 тірекке бекітілетінін, нысанда алты қабылдау-жөнелту жолдары мен вокзалдың кеңеюіне байланысты жетінші жолды ескеріп құрылыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Қазір 15 154 тонна аралық құрылыс металдары орнатылған.


В.Клингтің айтуы бойынша, нысан құрылысына 1400 маман мен жұмысшы күші жұмылдырылып отыр.

Қазіргі Астана теміржол вокзалы тәулігіне 7000 жолаушыға қызмет көрсетсе, жаңа вокзалдың жолаушыларды қабылдау мүмкіндігі тәулігіне 35 000 жолаушыны құрайтын болады.

Қаладағы «Мыңжылдың» аллеясының маңында бой көтеретін жаңа теміржол вокзалы 2017 жылдың наурыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
null

Соңғы жаңалықтар