Астанада «Жаңа заман әдебиеті» сериясымен шыққан кітаптардың тұсаукесері өтеді
Ертең ҚР ұлттық академиялық кітапханасында «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» республикалық бюджеттік бағдарламасы аясында жарыққа шыққан «Жаңа заман әдебиеті» сериясы кітаптарының тұсаукесері өткізіледі, бұл бағдарламаның әкімшісі Мәдениет және ақпарат министрлігі болып табылады. |
Тұсаукесер рәсіміне Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев қатысады.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары Қуат Борашев «Жаңа заман әдебиеті: проза, поэзия, драма» сериясымен 2012 жылы басылып шыққан кітаптарға шолу жасайды.
Сондай-ақ, жарыққа шыққан туындылар жөнінде қоғам қайраткерлері, жазушылар мен баспагерлер өз пікірлерін білдіреді.
«Жаңа заман әдебиеті» сериясымен шыққан кітаптар 45 атаудан тұрады, оның ішінде 25 прозалық және 19 поэзиялық шығармалар. Дәл осылай, «Драматургия» бөлігі бойынша «Тәуелсіздік толғауы» байқауының ең үздік пьесалары топтастырылған «Өрілген өмір өрнегі» атты кітап басылып шықты.
Серияға енген туындылар халықтың рухани-білім және ақыл-ой, мәдениеттілік деңгейінің жоғарылауына, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге жағдай жасайды, мемлекеттік ұстанымды қалыптастырады, ұлттық, этикалық, мәдениеттілік, рухани құндылықтарды, биік өнегелі және патриоттық сезімді қалыптастырады, белсенді азаматтық позицияны тәрбиелейді.
Шығарылған кітаптар ішінен Фариза Онғарсынова, Қадірбек Сегізбайұлы, Рахымжан Отарбаев, Әкім Тарази, Нұргали Ораз, Жүсіпбек Қорғасбек, Гүлнар Салықбай, Ұлықбек Есдәулет, Мархабат Байғұт, Төлен Әбдік, Несіпбек Дәутайұлы, Серік Ақсұнқарұлы, Қуандық Түменбай, Нұрлан Мәукен, Рафаэль Ниязбеков, Жолтай Әлмашұлы, Есенқұл Жақыпбек, Несіпбек Айтұлы, Бауыржан Жақып сынды белгілі ақындар мен жазушылардың ерекше жаңа туындыларын атауға болады.
Мемлекеттік тапсырыспен шығарылған кітаптарға үстіміздегі жылы республикалық бюджеттен 1 093 286 мың теңге бөлініп, жалпы таралымы 816 430 дананы құрайтын 407 аталым кітап шығарылып, республикалық кітапханаларға тегін таратылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін