Астанада жаңадан екі көпір салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жаңадан екі көпір салынады

Астанада жаңадан екі көпір салынады

Есіл өзені мен Нұра-Есіл арнасы арқылы екі көпір салынады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы сәулет және қала құрылысы басқармасына сілтеме жасап.

  • 13 Желтоқсан 2017
  • 177
Фото - Caravan.kz

Астана қаласы осы жиырма жыл ішінде түрленіп дамып, гүлденіп өсу үстінде. Жыл сайын астанамызда жаңа нысандар бой көтеруде. Астананың жол көлік қатынасын дамытуда, көлік кептелісін төмендету мақсатында қала әкімдігі бар мүмкіндіктерді жасауда. Қала даңғылдары мен көшелерінде оңға бұрылу жолағын салу сол істердің бір парасы.

Сонымен қатар, Астанада жаңадан екі көпір салынады: бірі Есіл өзені үстінен, екіншісі Нұра-Есіл каналы арқылы. Нұра-Есіл арнасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы 2017 жылдың шілдесінде басталған, 2018 жылы көпір құрылысын аяқтау жоспарлануда. Көпірдің ұзындығы – 40,98 п.м., көпірдің көлемі – Г-(16,0 м+16,0)+2х5,5 м, көпірдің сызбасы – 1х33,0 м, көпірдің ені – 51,4 м болады.

Ал, Есіл өзені үстінен салынатын көпір Тәуелсіздік даңғылы арқылы қаламыздың оңтүстік шығыс бөлігін сол жағалаумен жалғайтын болады. Есіл өзені арқылы салынатын көпірдің ұзындығы – 263,22 м, көлемі – 5х (Г-18,25 м)+2х3,0 м, сызбасы – 70+120+70 м, түсі металды, ақ болады.


Қазіргі таңда Тәуелсіздік даңғылын сол жағалаумен жалғайтын көпір жобалану кезеңінде. Екі көпір де үш жолақты болады.

Соңғы жаңалықтар