Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
22 маусымда Астанадағы Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылының қиылысында болған жол апатынан мотоциклші қаза болған еді. Қаза болған мотоциклшінің 26 жастағы Искандер — Олжас Сүлейменовтің немересі екені анықталды.
Қазіргі уақытта Искандердің туыстары жол апатының куәгерлерін іздестіріп жатыр.
Астана қалалық ІІД жол апатының мән-жайын анықтап жатқанын және кейінірек қосымша мәлімет беретінін айтты.
"Полицейлер осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр", — деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Қаза болған жігіттің туыстары осы оқиға жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: +7701-44-44-134, +7701-551-82-22, +7701-981-78-81.