Астанада жанұялық шағын футболдан «Бір атаның балалары футбол ойнайды» атты ұранмен республикалық жарыс өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жанұялық шағын футболдан «Бір атаның балалары футбол ойнайды» атты ұранмен республикалық жарыс өтеді

Астанада жанұялық шағын футболдан «Бір атаның балалары футбол ойнайды» атты ұранмен республикалық жарыс өтеді

Мамыр айының 26-27 күндері Астана қаласында жанұялық шағын футболдан «Бір атаның балалары футбол ойнайды» атты ұранмен республикалық жарыс өтеді.

  • 16 Мамыр 2012
  • 1300
Фото - Caravan.kz

Доданың негізгі мақсаты әрбір жанұяда спортты насихаттап, шағын футболдағы команда арқылы бірлік, отбасына құрмет және елдік патриотизмге тәрбиелеу болып табылады.

Осындай атауды иеленген жарыс біраз жылдар бойы дәстүрлі түрде өткізіліп келді. Жарысқа республиканың әр аймағынан 60-қа жуық команда қатысып, бақтарын сынаған кездер де болды. Өкінішке қарай, соңғы 7-8 жылда белгілі себептерге байланысты бұл жарыс өткізілмей келді. Сол үрдіс биыл қайта жалғасын таппақ.

Команда құрамына шек жоқ. Тек ойыншылардың тегі бірдей болуы керек. Яғни, атасы, баласы, немересі, шөбересі, т.с.с. Жиендердің командаға кіре алмайтынын ескертеміз. Олар өз аталарының командасын құра алады. Командаға қыз балалардың да кіруіне рұқсат.

Толық ақпаратты «Спорт» газетінің редакциясына 8 (7172) 57 79 23, 8 (7172) 57 79 14 телефон нөмірлері арқылы хабарласып, немесе sport. 59@ mail.ru мекенжайына хат жолдау арқылы білуге болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера