Бұл туралы astana.kz сайтына Жапон Елшілігінен мәлім етті.
«Асқан шебер пианист қыз көрермендерді XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында АҚШ-та туған музыканың терең иірімдерімен сусындатпақ. Өнер иесінің сан қырлы құпиялығы джаз импровизациясы көмегімен оның талант қырларын аша түстіп, әуезділікке қанықтырады»,-делінген таратылған мәліметтерде.
Аяко Ширасаки музыкалық өмір жолын 12 жасында бастаған. Ол көп кешікпей бірден «Асасука» джаз байқауында жүлделі орынға ие болды. Содан кейінгі беделді «HeinekenJazzCompetition» байқауында екінші үлкен марапатты иеленді. 2010 жылы Аяко Ширасакидің Fallingleaves — LiveinHamburg» альбомы шықты. Ол 2010 жылғы джаз меда сарапшыларының бағасы бойынша ең үздік альбомдардың қатарына кірді.
«Аяко Ширасакидің елордадағы концертіне кез келген тілек білдіруші бара алады. Кіру — тегін. Ол көрермендер алдында 10 сәуір күні 19:00-де «Astana Music Hall» концерт залында өнер көрсетеді, — деп хабарлайды Жапон Елшілігі.
Сонымен қатар, «Жапон көктемі» фестивалі аясында Астананың музыкалық оқу орындарының студенттері Аяко Ширасакидің шеберлік-дәрісі сабағын тыңдай алады.