Самса, ботқа, тауық етін жеп ұшынғандардың барлығы әлі ауруханада. Түрлі анализдер тапсырып, қайта-қайта тексеруден өтуде. Кеше №2 балалар ауруханасының дәрігерлері жұмыстағы буфетінен тамақтанып шыққан соң өздерін жайсыз сезіне бастаған. Сөйтіп дәрігерлер әріптестерінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Науқастардың арасында 4 жастағы бала мен студенттер де бар. Қазір СЭС пен прокурорлар буфетті жауып тексеріп жатыр.Ал иесіне ірі көлемде айыппұл салуы тиіс.