Нүркен Нұрғалиұлы осы кеште Қазақстанның әр өңірінің күйлерін тартады деп күтілуде. Кейбір күйлерді «Тарту» домбырашылар үштігімен бірге және «Тілеп» қобызшылар квартетімен қосылып орындайды. Нүркеннің інісі Төлеби де сахнаға шығып, өнер көрсетеді.
Қасиетті күй өнерін дәріптеуге арналған бұл шараны қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков басшылық жасайтын Президенттік мәдениет орталығы ұйымдастырып отыр.
«Әлқисса» атты күй кеші сағат 18-30-да басталады.