Астанада жас көшбасшылар байқауының финалы 20 қарашада өтеді
Жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушылары арасындағы көшбасшылар байқауының бірінші кезеңі 15 қазаннан 1 қарашаға дейін өтті, деп хабарлады astana.kz сайты. |
Оған 300-ден астам талапкер жас астаналық қатысты. Алайда, финалға 20 үздік қатысушы іріктелді. Финалдық кезең 20 қарашада Оқушылар сарайында өтіп, сол кезде жеңімпаз анықталады. Байқаудың финалына өткен 20 оқушыны естен кетпес сыйлық күтіп тұр. Оларды 1 желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қабылдайды.
Өткізілген іс-шараның басты мақсаты - жеткіншек ұрпақтың бойында көшбасшылық қабілетті тәрбиелеп, білімділікті кеңінен таныту мен отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін